Ортопедиялық аяқ киім

Extra Comfort Ортопедиялық салоны Алматы мен Қазақстанның барлық өңірлерінің халқына сапалы аяқ киім, ұлтарақтар, түзеткіштер, бандаждар, компрессиялық трикотаж мен басқа да көптеген бұйымдарды қол жетімді бағамен ұсынады. Біздің компаниямыз баға мен сапаның сәйкестігіне, сондай-ақ ассортиментке басты назар аударады.

Сіздер үшін бүгінде не жасап жатырмыз:

Кішкентай сүйектері шығып тұратын, майтабандық-сыртқа қайырылып тұратын табандар, өкше сүйек сүйелі және т.б. проблемалары бар аяқтар айрықша ортопедиялық аяқ киімді қажет етеді. Біз ортопедиялық аяқ киімнің жаңа өндірушілерін ұдайы іздейміз. Өйткені клиентеріміздің талғамдары сән үрдісіне және өмір стиліне қарай өзгеріп отырады. Мәселен, бүгінде әйелдер аласа өкшелі немесе мүлдем өкшесіз аяқ киімге қызыға бастады. Ал бүгінде балаларға арналған ортопедиялық аяқ киімді ата-аналар емес, біздің ортопедиялық салонда өздерінің таңдауларын айтып, балалар таңдайтын болған. Мәселен, әйелдердің ортопедиялық аяқ киімін алсақ. Бүгінде әйелдер арасында Hallux Valgus деп аталатын, табанының жанында кішкене сүйекшесі бар әйелдер өте көп кездеседі. Осы санаттағылар үшін біздің ортопедиялық дүкенімізде жұмсақ былғарыдан тігілген, ұлғайтылған толықтықтағы қалпы бар моделдер бар. Мұндай табандар үшін аяқ киім аласа өкшелі және табаны платформа түрінде болу керек. Сонда табанның алдыңғы жағындағы ауырлық жеңілдеп, бүйірлік сүйекше өспейді.

Ортопедияның бөлек бағыты – диабеттік аяқ-киім. Қант диабетімен науқастанған кезде аяқ киім кең, теріні қажайтын тігістері болмау керек. Біздің ерлер мен әйелдерге арналған аяқ киімдеріміз негізінен бұзау терісінен жасалған. Сондықтан диабеттік аяқ киімнің іші жұмсақ болады. Мұндай аяқ киімнің ішіндегі аяқ бақайлары еркін, қолайлы орналасуы керек. Моделдердің көпшілігінің ілмегі жабысқыш, екі жағында да сырғымалы, ыңғайлы болады, мұндай аяқ киімдерді жеңіл киіп-шешуге болады. Мұндай аяқ киім жеңіл, орнықты және тайғанамайтын болады.

Біздің сайтымыздағы балаларға арналған ортопедиялық аяқ киімнің мынандай санаттары бар: балаларға арналған емдік ортопедиялық аяқ киім, балаларға арналған профилактикалық ортопедиялық аяқ киім, балаларға арналған табанның сыртқы және ішке қайырылуын түзетуге арналған аяқ киім. Негізінен үш немесе төрт ілгегі бар ортопедиялық сандалийді киген кезде түзеледі. Бірақ, емдеу кезінде баланың жыл бойы түзететін ортопедиялық аяқ киім кигені абзал. Мұндай жағдайда сіз күзгі, көктемгі немесе қысқа топтамадан таңдай аласыз. Балаларға арналған барлық аяқ киім тексерілген, сапалы материалдан тігілген. Бұл әдетте табиғи былғары болады. Қысқа моделдерде ұлтаншасы ретінде табиғи тері немесе жүн қолданылады. Күзгі және қысқы моделдерде еркін қалыптаса алатын ортопедиялық ұлтарақ болады.

Біздің мамандар сізге аяқ мөлшеріңізге қарай аяқ киім таңдауға көмек береді. Сондай-ақ интернет бойынша аяқ киімге тапсырыс берген кезде аяқтың өлшемін қалай дұрыс жасауға болатынын үйретеді.

Дәрігер-ортопедтің көрсетілімі бойынша немесе профилактикалық шара ретінде аяқ киімізге ортопедиялық ұлтарақ салып жүруіңізге болады. Қаңқалық ұлтарақтар, табанның алдыңғы бөлігіндегі ауырлықты жеңілдетін ұлтарақтар, табанның сыртқы және ішке қайырылуына арналған ұлтарақтар деп аталатын, табанның еңісінен ішкі немесе сыртқа қарайғы жақтауы бар ұлтарақтар болады.

Біз сіздерге ыңғайлы болу үшін сайтымызды ұдайы жақсартамыз және толықтырамыз. Тауарлар сүзгісін және сипаттамасын жақсартамыз. Егер бір нәрсені нақтылағыңыз келсе, әрдайым бізге телефон шалуға немесе жазуыңызға болады. Біздің сатушыларымыз сізге барынша толық жауап береді және аяқ киім, ұлтарақ, ортопедиялық үй шәркесін және табандарға арналған құрылғыларды (бандаждар, бақайларды түзеткіш, бөлгіштер және т.с.) таңдауға көмектеседі.

Аяқ киімді тапсырыспен жеткізу барынша ыңғайлы болып келеді. Жақын арада тек Алматыға ғана емес, сонымен қатар, Қазақстанның басқа да қалаларына тауарларды аяғыңызға өлшеп, жартылай сатып алу жолымен, жеткізу қызметі пайда болады. Сіздің ыңғайлылығыңыз үшін курьерге қолма-қол ақшамен де, сондай-ақ қолма-қол емес жолмен де төлей аласыз.

Біздің ортопедиялық аяқ киім сататын интернет-дүкеннің бірегейлігі – сіз сүйекшелері, түйіндері бар, бақайлары қисайған табандарға арналған, артрит пен артрозды табандарға арналған көптеген аяқ киім моделдерін, сондай-ақ қант диабеті және табан сүйелі, қан тамырларының кеңеюі мен аяқ іскен кезде киетін аяқ киім мен ұлтарақтар бір жерден таба аласыз.

бьютифил.jpg геволь.jpg Ebru_logo_small.jpg орто_logo.jpg

форелли.jpg комформини_лого.png леди_комфорт_лого.jpg лого_со_звездочками.png

Болашақ мақалаға идея:

Ортопедиялық аяқ киімнің бағасы неге байланысты?

Аяқ киім дайындалған шикізат – бұл аяқ киімдегі ең бағаласы. Мәселен, балаларға арналған ортопедиялық аяқ киімде табиғи былғары қолданылады, ол гипоаллергендікке тексеріледі. Немесе тоқыма, микрофибра немесе жоғары сапалы синтетикалық шикізат қолданылады. Баланың аяқтары аяқ киімнен терлемеуі керек, аяқ киімде токсиндер мен зиянды қоспалардың жоқтығы тексерілуі керек. Сондықтан аяқ киімді өндіруші мұқият тексеріледі. Мәселен, ортопедиялық аяқ киімде супинатордың болуы немесе болмауы, қонышының биіктігі немесе төрт ілгектің болуы тәрізді техникалық сипаттамалары тексеріледі. Біздің интернет-дүкенде ортопедиялық аяқ киімнің түрлі нұсқалары бар: профилактикалық ортопедиялық аяқ киім, емдік профилактикалық. Жақын арада туторлар түріндегі емдік аяқ киімдер, сал ауруына шалдыққандарға арналған аяқ киімдер, брейстер мен т.с. пайда болады.

Ересектерге арналған ортопедиялық аяқ киім, оның ішінде әйелдер аяқ киімі балаларға арналған аяқ киім сияқты бөлінбейді, бірақ мұнда негізгі үш санат бар: ыңғайлы аяқ киім, операциядан кейінгі аяқ киім немесе терапиялық аяқ киім, жалпақ аяқтарға арналған аяқ киім немесе ұлғайтылған толықтыққа арналған аяқ киім, диабеттік аяқ киім.

Аяқ киімнің сапасы, сәйкесінше, бағасы, балаларға арналған аяқ киім тәрізді моделді дайындаған кезде қандай материал пайдаланғанына байланысты болады.


О компании
Доставка и оплата
Возврат
Новости
Контакты
Личный кабинет
Регистрация
Записаться к ортопеду
С помощью уведомлений о заказе можно не только получать актуальную информацию по заказу, но и иметь быстрый канал связи с магазином